Бәйдібек ауданында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Бәйдібек ауданында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

    Борлысай ауылдық округінде тұрғындарға пеш пен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер орнатылды.

    Бәйдібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Борлысай ауылдық округінде жылыту маусымында өрттің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мамандар пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың, жылыту жүйелерінің жарамдылығын алдын ала тексерудің және ақаулы жабдықтарды қолданбаудың маңыздылығына тоқталды.

    Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне көміртегі тотығын (иіс газын) анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды. Бұл құрылғылар тұрғындарды улы газдың қауіпті деңгейде жиналуы туралы дер кезінде ескертіп, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

    Тұрғындарға пеш жағу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау, жанғыш заттарды жылыту құрылғыларына жақын орналастырмау, газ жабдықтарын өз бетінше жөндемеу және үй-жайларды тұрақты желдетіп отыру қажеттігі ескертілді.

    Төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымында қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау өрт пен улы газдан уланудың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың өз өмірі мен жақындарының амандығына жауапкершілігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары