
Самарқандта Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың төрағалығымен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының жұмыс отырысы өтті.
Қатысушылар Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ Қауымдастықтың Екінші Конгресін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.






