Жоспарлы мониторинг жұмыстары жалғасуда

    Жоспарлы мониторинг жұмыстары жалғасуда
    Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында донорлық қан мен оның компоненттерін клиникалық қолдану сапасын бағалау мақсатында жоспарлы мониторинг жүргізілді.
    Мониторингті Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары жүзеге асырды. Негізгі назар трансфузиялық терапияның ұйымдастырылуына, қан құю кезінде белгіленген талаптар мен клиникалық хаттамалардың сақталуына аударылды.
    Мониторинг барысында медициналық қызметкерлерге қан және оның компоненттерін құю тәртібі, трансфузиялық терапияның қауіпсіздігі және тиісті медициналық құжаттаманы жүргізу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Қанды және оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» тақырыбында семинар өткізілді.
    Жоспарлы мониторинг жұмыстары медициналық ұйымдарда қан құюдың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, донорлық қанды тиімді пайдалануға және клиникалық трансфузиологияны жетілдіруге бағытталған
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары