Қошқаратада «Әйел өмірі үшін» акциясы өтуде
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының бас дәрігері Жандос Жандарбекұлы бастаған мамандар тобы Қошқарата дәрігерлік амбулаториясына арнайы барып, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде.
Қазір мұнда әйелдер денсаулығына арналған «Әйел өмірі үшін» акциясы өтіп жатыр.
Акция барысында облыстық орталықтан барған медицина мамандары ауыл тұрғындарын қабылдап, скринингтік тексерулер жүргізуде. Сонымен қатар әйелдер денсаулығына қатысты мәселелер бойынша кеңес беріліп, онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтаудың маңызы түсіндірілуде.
Шара кезінде орталықтың бас дәрігері Жандос Жандарбекұлы ауыл тұрғындарына денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Ол ауруды асқындырып, кейін ем іздегеннен гөрі, оның алдын алып, уақытылы тексеруден өткен әлдеқайда маңызды екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды тегін скринингтен өтуге беріліп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.
Мұндай көшпелі шаралар медициналық көмекті халыққа жақындатып қана қоймай, аурудың алдын алуға және оны ерте анықтауға жол ашады.







