Жамбылда сүт безі обырының алдын алуға бағытталған ақпараттық акция өтті

    Жамбылда сүт безі обырының алдын алуға бағытталған ақпараттық акция өтті
    Жамбылда сүт безі обырының алдын алуға бағытталған ақпараттық акция өтті
    Сүт безі обырының алдын алуға арналған «Қызғылт қазан» айлығы аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Әйел өмірі үшін. Ерте анықтау – денсаулық кепілі» тақырыбында ақпараттық акция өтті.
    Іс-шараға «Әділет» партиясының филиалы, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының өкілдері, сондай-ақ колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
    Акцияның негізгі мақсаты – әйелдер денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндіру, сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте анықтау бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.
    Шара барысында мамандар сүт безі обырының алдын алу, тұрақты медициналық тексеруден өту, аурудың алғашқы белгілеріне мән беру және күмәнді өзгерістер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
    Іс-шара соңында қатысушылар «Қызғылт қазан» айлығының символы саналатын қызғылт ленталар тағып, аспанға қызғылт шарлар ұшырды. Бұл – сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыруға және әйелдер денсаулығын қорғауға бағытталған айлықтың символдық белгісі болды.
    Ақпараттық акциялар мен түсіндіру жұмыстары қазан айы бойы жалғасады. Айлық аясында тұрғындарға сүт безі обырының алдын алу, ерте анықтау және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы ақпарат беріледі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары