Алматыда АГҚС профилактикалық жұмыстары жалғасуда

    Алматыда АГҚС профилактикалық жұмыстары жалғасуда

    Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары автогаз құю станцияларының басшыларымен және қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

    Алдын алу іс-шаралары барысында мамандар өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын, газ жабдығын пайдалану ережелерін қатаң сақтау және оған уақтылы техникалық қызмет көрсету қажеттігіне назар аударады.

    Авариялық жағдайларға, өртке және басқа да қауіпті салдарларға әкелуі мүмкін бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. АГҚС қызметкерлеріне жабдықты пайдалану және жұмыс процесін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары