
hr.enbek.kz порталындағы «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» бөлімімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (ҚР ДСМ АЖ) берілген жұмысшылардың еңбекке жарамсыздық парақтары туралы ақпаратты көрсету, қарау және басқару үшін «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» бөлімі арналған.
Айта кету керек, барлық еңбекке жарамсыздық парақтары ҚР ДСМ АЖ-ға берілмейді. Мысалы, жеке медициналық ұйымдар берген немесе қағаз тасымалдағышта рәсімделген еңбекке жарамсыздық парақтары жүйеде болмауы мүмкін.
2. Жұмысшы үшін бөлімнің функционалы
2.1. Еңбекке жарамсыздық парақтарының тізімін қарау
«Больничные листы» бөлімінде жұмысшы өзінің еңбекке жарамсыздық парақтарының тізімін көре алады. Әрбір еңбекке жарамсыздық парағы үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:
• Мәліметтерді берген медициналық ұйым;
• Еңбекке жарамсыздық парағының ашылған күні;
• Еңбекке жарамсыздық парағының жабылған күні (егер қолданылса);
• Еңбекке жарамсыздық парағының мәртебесі:
- Ашылды – еңбекке жарамсыздық парағы белсенді жағдайда;
- Жабылды – еңбекке жарамсыздық парағы аяқталған;
- Ұзартылды – медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағын ұзартқан.
2.2. Толық ақпаратты қарау
Нақты бір еңбекке жарамсыздық парағын таңдаған кезде пайдаланушыға мынадай мәліметтер қолжетімді болады:
• Берілген күні;
• Жұмыстан босатылған кезең;
• Жұмысшы жұмысқа кірісуі тиіс күн;
• Диагноз (егер берілсе);
• Уақытша еңбекке жарамсыздық түрі;
• Режим түрі (амбулаторлық немесе стационарлық).
2.3. Еңбекке жарамсыздық парағын жұмыс берушіге жіберу
Жұмысшы таңдаған еңбекке жарамсыздық парағын өзімен жасалған жарамды еңбек шарты бар жұмыс берушіге жібере алады. Жібергеннен кейін жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық парағы туралы толық ақпарат алады.
3. Жұмыс беруші үшін бөлімнің функционалы
3.1. Жұмысшылардың еңбекке жарамсыздық парақтарын қарау
«Жұмысшылар» бетінде жұмыс берушіге арналған «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» бөлімі бар. Бұл бөлімде жұмысшылар жіберген барлық еңбекке жарамсыздық парақтары көрсетіледі.
3.2. Әрбір еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақпарат
Әрбір еңбекке жарамсыздық парағы үшін жұмыс беруші мынадай мәліметтерді көре алады:
• Медициналық ұйым;
• Ашылған күні;
• Жабылған күні;
• Еңбекке жарамсыздық парағының мәртебесі;
• Жұмысшы берген толық мәліметтер.
Жұмыс беруші тек еңбекке жарамсыздық парақтарының мәліметтерін қарау мүмкіндігіне ие.






