Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
2026 жылғы 21 қазанда Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің қызметкерлері Шортанды ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдеріне арналған лицензиялау тәртібін түсіндіру семинарына қатысты.
Іс-шара барысында білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш. Әбілмәженов қатысушыларды лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық базамен таныстырып, Департаменттің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға дайындау бағытында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат берді. Бөлімнің бас маманы Қ.Б. Қожахметов лицензия алудың негізгі кезеңдерін, «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініш беру тәртібін, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу және порталға тіркеу талаптарын түсіндірді.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, лицензия алу рәсімі бойынша практикалық түсіндірмелер алды.
Мұндай іс-шаралар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының лицензиялауға дайындығын арттыруға және белгіленген талаптардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады .




