«Алтын сақа – 2» ЖШС бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Қағида) басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының бекіткен 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде 2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында «Алтын сақа – 2» ЖШС бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Аттестаттау барысында бөбекжайдың білім беру қызметінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкестігі зерделенді. Нәтижесінде жекелеген бағыттар бойынша талаптарға сәйкес келмейтін сәйкессіздіктер анықталды.
Анықталған сәйкессіздіктерді жою және білім беру қызметін белгіленген талаптарға сәйкестендіру мақсатында бөбекжай басшылығына тиісті ұсыныстар берілді.


