2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Каппасовтың төрағалығымен қызметкерлермен аппараттық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында алдағы аптаға жоспарланған жұмыстар талқыланып, негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуына қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу соңында қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу барысын бақылауда ұстау қажеттілігі атап өтілді.





