ҚҰРМЕТТІ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді 15 қараша – Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қаржы саласы – ел экономикасының тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды тірегі. Бұл салада еңбек ету жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті, ұқыптылық пен адалдықты талап етеді.
Сіздердің күнделікті атқарып жүрген еңбектеріңіз аудан бюджетінің тиімді жоспарлануы мен орындалуына, қаржылық тәртіптің сақталуына және өңірдің тұрақты дамуына зор үлес қосып келеді.
Осы мерейлі мерекеде ауданның қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген барша сала мамандарына еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін! Ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңіз әрдайым абырой биігінен көріне берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Жәнібек ауданының әкімі Т.Шиниязов
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








