Алматыда 27 қыркүйекте марафонға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

    Алматыда 27 қыркүйекте марафонға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

    27 қыркүйекте Алматыда Almaty Marathon 2026 өтуіне байланысты қоғамдық көліктің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерістер сағат 04:30-дан бастап күшіне еніп, спорттық іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

    Өзгерістер марафон бағытына кіретін жол учаскелерінде автокөлік қозғалысының толық жабылуына байланысты енгізіледі. Шектеулер кезінде №2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 19, 21, 22, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 44, 45, 48, 55, 56, 57, 59, 62, 63, 63А, 65, 66, 70, 72, 77, 79, 80, 81, 85, 86, 87, 90, 92, 95, 98, 99, 101, 103, 104, 106, 107, 109, 112, 113, 116, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 124, 127, 128, 130, 132, 135, 137, 140, 141, 145, 205, 209, 210, 211, 218 және 224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Олар үшін уақытша айналып өту сызбалары қарастырылған.

    Сонымен қатар, марафон аяқталғанға дейін №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 троллейбус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

    Іс-шара аяқталып, шектеу алынып тасталғаннан кейін қоғамдық көлік қалыпты қозғалыс сызбасына қайта оралады.

    Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан уақытша өзгерістерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары