Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға байланысты дайындықты күшейтті

    1 / 2

    Алматыда 27 қарашада ауа райының нашарлайды. Қаланың коммуналдық және шұғыл қызметі дер кезінде әрекет ету үшін арнайы техника мен жедел бригадаларды дайындады. Бұл туралы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

    «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 27 қарашада сағат 02:00-ден 19:00-ге дейін жауын-шашын болады. Оның жалпы мөлшері 13-16 мм болады, желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3…+5 °С, күндіз +5…+7 °С болады.

    Кейбір аумақтарды су басудың алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. Олардың құрамында 1 579 жол қызметкерлері бар. Сондай-ақ 415 бірлік техника, 97 мотопомпа және 5 мыңға жуық құм салынған қап дайындалды.

    Су жиналуы мүмкін жерлерге су сорғыш машиналар орналастырылып жатыр. Бұдан бөлек, техника тұрақтарында 200 құрама жол машинасы әзір тұр. Оның ішінде 185 құм шашатын және 15 JetBroom машинасы бар.

    Коммуналдық қызметтен тәулігіне 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 бірлік арнайы техника жұмысқа шығады. Жолдың жай-күйін бақылау және тазалау жұмыстарын үйлестіру үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

    Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашаға қараған түні де жауын-шашын жалғасады. Күндіз ауа температурасы +6…+8 °С шамасында болады.

    Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен жүргінші жолында сақ болу ұсынылады. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтауы және жолдағы көріну деңгейінің нашарлауы мүмкін екенін ескергені жөн.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары