Алматы қаласының әкімдігі Сәтбаев көшесінің бойында, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне қарама-қарсы тұрған ірі шыршаларды сақтап қалу үшін тиісті шаралар қабылдады. Аумақ иесі бастапқыда ағаштарды кесуді жоспарлаған. Алайда мәселені зерделеу нәтижесінде оларды сақтап, басқа жерге көшіріп егу туралы шешім қабылданды.
Шыршалардың бір-біріне тым жақын өсуі олардың қалыпты дамуына кедергі келтірген. Осыған байланысты ағаштарды қауіпсіз жерге көшіру қажет болды. Жұмыс ағаш өсіп тұрған аумақтың иесі болып табылатын заңды тұлғаның қаражаты есебінен жүргізілді.
Барлық жұмыс тиісті агротехникалық талапқа сай жүргізілді. Босатылған орындарға жаңа ағаштар егу көзделген.
Ірі шыршалар қаладағы саябақтар мен скверлердің аумағына көшірілді. Қабылданған шара қолданыстағы жасыл желекті сақтауға және қаланың жасыл қорын ұлғайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









