Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында ашық есік күні өтуде

    Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында ашық есік күні өтуде
    Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында 29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай ашық есік күні өтуде.
    Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
    Ашық есік күніне келген тұрғындар мамандардың кеңесін алып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын тексеруге мүмкіндік алды. Дәрігерлер жүрек саулығына әсер ететін негізгі қауіп факторлары, аурудың алдын алу және алғашқы белгілер байқалған жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
    Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін бақылау, дене салмағын қалыпты ұстау, дұрыс тамақтану және тұрақты дене белсенділігі маңызды. Сонымен қатар профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақытылы өту ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
    Мамандардың айтуынша, жүрек саулығына қамқорлық жасау белгілі бір жасқа жеткенде ғана емес, күнделікті өмір салтынан басталуы керек. Өз денсаулығына бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден тұрақты өту – жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңызды қадамдарының бірі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары