
«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ НАЗАРДА»
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссия – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ведомствоаралық жұмыс жүргізетін орган.
Комиссияның негізгі бағыттары:
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- құқық бұзушылықтардың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу;
- қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету;
- отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қарау;
- әлеуметтік осал санаттағы балалардың жағдайын бақылау;
- білім беру, денсаулық сақтау, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізу;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу.
Комиссия қызметінің басты мақсаты – әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруіне, білім алуына, тәрбиеленуіне және өз құқықтарының қорғалуына жағдай жасау.
Егер баланың құқықтары бұзылғаны немесе оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар белгілі болса, тиісті мемлекеттік органдарға хабарласу маңызды.
Бала құқығын қорғау – ортақ міндет!
Балаға қамқорлық – болашаққа қамқорлық!









