Әуезов әлемі және ұлттық құндылықтар

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Әуезов әлемі және ұлттық құндылықтар

    2026 жылғы 28 қыркүйекте қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күніне орай білім беру ұйымдарында «Әуезов әлемі және ұлттық құндылықтар» тақырыбында облыстық бірыңғай әдебиет сабағы өтті.

    Әдеби сабақтың негізгі мақсаты – М.Әуезов шығармаларындағы «Толық адам» ілімі, ұлттық салт-дәстүр, адамгершілік пен елжандылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, оқушылардың көркемдік-эстетикалық танымын дамыту.

    Сабақ барысында оқушылар ұлы қаламгердің шығармашылық мұрасын зерделеп, ұлттық құндылықтардың мәнін танып, тағылымды ойлармен бөлісті.

    Әуезов әлемі – ұлт руханиятының биік белесі, ұлттық құндылықтардың сарқылмас қазынасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары