АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ – ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ!

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Абай ауданының жас спортшылары облыстық жарыста топ жарып, аудан мерейін үстем етті!

    Аудандық іріктеу кезеңінде І орын иеленген Әуезов мектебінің командасы облыстық кезеңге жолдама алып, Абай облысының орталығы Семей қаласында өткен «Ауыл спорты» облыстық жарысында жоғары нәтиже көрсетті.

    Облыстық додаға аудан мектептерінен жасақталған құрама қатысты. Оның құрамында:
    - Әуезов мектебінен – 5 оқушы;
    - Орта мектептен – 1 оқушы;
    - Гимназиядан – 1 оқушы;
    - ММГИ-ден – 2 оқушы болды.

    Жарыс қорытындысы бойынша Абай ауданының құрамасы чемпион атанып, 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

    Жас спортшыларға жетекшілік жасап, жарыс барысында қолдау көрсеткен Әуезов мектебінің мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.

    Бұл жеңіс – табанды еңбектің, бірліктің және жеңіске деген жігердің жемісі!

    Ендігі мақсат – республикалық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғау!

    Жеңісті жолдарыңыз жалғасын тауып, республикалық жарыста да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары