«10 кітап – 1 мақсат» жобасы аясында «Кітап оқу мәдениетін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында интерактивті тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «10 кітап – 1 мақсат» жобасы аясында «Кітап оқу мәдениетін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында интерактивті тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «10 кітап – 1 мақсат» жобасы аясында «Кітап оқу мәдениетін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында интерактивті тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандық сауаттылықты арттыру, тиімді тәжірибелермен бөлісу және білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді насихаттау.

    Тәжірибе алмасу алаңына ауданымыздан 9 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Оның ішінде «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанпеисова Айжан Нығметқалиқызы және «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғыбаева Индира Рахымбекқызы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тиімді жұмыстарын таныстырды.

    Іс-шара қорытындысы бойынша аталған педагогтерге тәжірибе алмасу алаңына белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары