«Білім көшбасшылары: тәжірибе, тағылым және сабақтастық» тақырыбында қашықтықтан кездесу ұйымдастырылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Білім көшбасшылары: тәжірибе, тағылым және сабақтастық» тақырыбында қашықтықтан кездесу ұйымдастырылды

    2026 жылғы 30 қыркүйекте «Абай облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыруымен білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған ардагер ұстаздар мен білім беру ұйымдарының жас басшылары арасында «Білім көшбасшылары: тәжірибе, тағылым және сабақтастық» тақырыбында қашықтықтан кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру саласының тәжірибелі көшбасшыларының кәсіби және өмірлік тәжірибесін жас басшыларға насихаттау, озық педагогикалық және басқарушылық тәжірибемен бөлісу, жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту.

    Тағылымды басқосуға «Абай ауданы білім бөлімі» ММ басшысы Скакова Бакизат Нұрмұхаметқызы және саналы ғұмырын білім саласына арнап, шәкірт тәрбиесі мен ұстаздық жолда өзіндік қолтаңбасын қалдырған ауданның ардақты ардагер ұстаздары қатысты.

    Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі, білім беру саласындағы ізденістері мен өмірлік ұстанымдары туралы ой бөлісіп, жас басшыларға тағылымды кеңестері мен құнды ұсыныстарын жеткізді.

    Мазмұнды кездесу аға буынның өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, тәжірибе мен жаңашылдықтың өзара сабақтастығын қалыптастыруға, жас басшылардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары