Абай ауданының педагогі «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының III кезеңіне (ақтық кезеңге) жолдама алды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Абай ауданының педагогі «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының III кезеңіне (ақтық кезеңге) жолдама алды

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды.

    Байқау барысында Абай облысының педагогтері өздерінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық тәжірибесін, шығармашылық ізденістерін, білім беру саласындағы жетістіктерін және заманауи оқыту тәсілдерін жоғары деңгейде көрсетті. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 8 педагог «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының III кезеңіне (ақтық кезеңге) жолдама алды. Абай облысының намысын республикада қорғайтын “ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Жапалова Марал Алдрахманқызы. Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігіне, ізденісіне, шығармашылығына және білім беру саласына қосқан еңбегіне берілген жоғары баға. Педагогикалық еңбегімен шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, жаңашылдыққа ұмтылып, білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымызға республикалық кезеңде сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары