Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Абай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

    Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    1.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға енгізілген өзгерістер туралы әдіскер А. Аухадиева ақпарат беріп, педагогтерді аттестаттауға дайындау, талаптарды түсіндіру және әдістемелік сүйемелдеу бағыттарына тоқталды.

    2.Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылар арасында өтетін олимпиадаларға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары қаралды. Бұл бағыт бойынша бас маман Б. Байтөсов ақпарат берді.

    Кеңес барысында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, дарынды оқушыларды қолдау және білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмысты жүйелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.


    Басты мақсат – педагогке қолдау көрсету, оқушының мүмкіндігін дамыту және білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары