Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің қатысуымен өткен байқау кеңесінде онкологиялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылға арналған даму жоспарына енгізілген көрсеткіштердің орындалу барысы сараланды. Сонымен бірге медициналық көмектің сапасын жетілдіруге және қызметтің нәтижелілігін арттыруға қатысты басым бағыттар айқындалды. Талқылау нәтижесінде алдағы жылдың міндеттері мен қаржылық үнемдеу жолдары сөз болды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.






