
Павлодар облысы әкімінің өкімімен Қадиша Беготаева Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданының автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.
1995-1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер қызметтерін атқарды.
1999-2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2015-2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2021 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев









