Digital Qazaqstan: цифрлық технологияларды қолданудың арқасында аукциондардан түсетін кіріс 7 есе артты

    Digital Qazaqstan: цифрлық технологияларды қолданудың арқасында аукциондардан түсетін кіріс 7 есе артты

    ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық тұрғыда трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған бағыттар бойынша 2028 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс көрсеткіштер айқындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Геологиялық барлау жұмыстарына тартылатын жеке инвестиция көлемін 30%-ға арттыру көзделіп отыр. Өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігінің жыл сайын 7%-ға өсуін қамтамасыз ету, роботтандыру ісін дамыту, кемінде 5 отандық интегратор және 3 құзырет орталығын құру жоспарланған. Құрылыс саласындағы техникалық тұрғыда күрделі жаңа нысандардың 100%-ында BIM технологиясын қолдануға кезең-кезеңімен қол жеткізу қарастырылған.

    «Геология саласын цифрландырудың негізгі кезеңі аяқталды. Геологиялық ақпарат цифрлық форматқа көшіріліп, көпшілікке қолжетімді етілді. Мемлекеттік қызмет Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы арқылы көрсетіледі. Цифрлық аукцион тетігін енгізу және геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру аукциондардан түсетін кірістің 7 есе өсуін қамтамасыз етті. Келесі міндет – геологиялық деректерді талдау және перспективалы учаскелерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары