
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстырып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Ауданда инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, тұрғын үй қорын жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі нәтижелердің қатарында:
- 6 мыңға жуық тұрғын орталық қалалық коммуникациялармен қамтылды;
- 135 аулада ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тағы 10 аулада күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда;
- «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 29 жоба жүзеге асырылды;
- «Таза Қазақстан» аясында 17 экологиялық іс-шара өткізіліп, 6 мыңнан астам тұрғын қатысты, 1 мыңға жуық ағаш отырғызылды;
- қыркүйек айында жалпы 280 орынға арналған 2 жаңа балабақша ашылды;
- білім беру саласында жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардың құрылысы жалғасуда;
- денсаулық сақтау саласында №16 қалалық емхананың күрделі жөндеуі аяқталуға жақын, Қуаныш шағын ауданында ауысымына 300 келушіге арналған №18 қалалық емхананың жаңа филиалы жобалануда.
Жыл соңына дейін басталған жобаларды сапалы әрі уақытылы аяқтау, инфрақұрылымды одан әрі дамыту және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.









