
Павлодар қаласының бөлімшелерінде жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Офицерлер мен жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Оқытуға Апаттар медицинасы орталығының мамандары қатысты. Сабақ барысында қызметкерлер түрлі шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін және медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек көрсету тәртібін пысықтады.
Жаттығу барысында практикалық дағдыларды жетілдіруге және жеке құрамның төтенше жағдайлар кезіндегі жедел әрекет етуге дайындығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болған өртке талдау жүргізілді. Сабақ барысында өрт орнындағы бөлімшелердің іс-қимылдары, өртті сөндіру тактикасы, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ авариялық-құтқару және өртке қарсы жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.
Мұндай сабақтар қызметкерлердің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және бөлімшелердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын күшейтуге мүмкіндік береді.









