Ноғайбай ауылында «Ашық есік күні» өтті

    Ноғайбай ауылында «Ашық есік күні» өтті

    Қордай ауданының Ноғайбай ауылында орналасқан Рза Құнақова атындағы №35 орта мектептің оқушылары үшін №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтарды көрді. Сонымен қатар, мамандар оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және өрттің алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Кездесу балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құтқарушылар мамандығына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары