ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

    ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында М. Әубәкіров атындағы мектептің ұйымдастыруымен волонтерлік акция өткізілді.

    Ізгілік пен қамқорлықты насихаттауға бағытталған акцияға мектептің жоғары сынып оқушылары белсене атсалысты. Жас волонтерлер ауылдағы тазалық жұмыстарын жүргізуге көмекке мұқтаж бірқатар қарт тұрғындардың үйлеріне барып, аула аумағын тазалау, қураған шөптер мен жапырақтарды жинау, абаттандыру және басқа да тұрмыстық жұмыстарды атқарды.

    Акция барысында оқушылар үлкенге құрмет көрсетіп, қарт жандарға қолдау білдірудің маңыздылығын сезінді. Қайырымдылық пен жанашырлыққа негізделген бұл бастама – өскелең ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейтін игі істердің бірі.

    Қарттарға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айнала берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары