Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар қанатының мүшесі Әлибеков А.А. есірткінің алдын алу және жастардың психологиялық тұрақтылығын нығайту мәселелеріне арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» облыстық жастар форумына қатысты.

    Форумға 150 жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алу, психологиялық тұрақтылық, құқықтық сауаттылық және жастар арасындағы өзара қолдау мәселелерін талқылады.

    Форум аясында қатысушылар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының «Friends in Focus» бағдарламасы, «Нашақорлықтың алдын алу және психологиялық тұрақтылық», сондай-ақ «Тәуелділік: кім кімді басқарады?» бағыттары бойынша семинар-тренингтерге қатысып, мамандардан пайдалы ақпарат алды.

    Форум жұмысына прокуратура, полиция, білім беру саласының өкілдері, «ESBOL QORY» қоры, Жастар денсаулық орталығы және психологиялық қолдау мамандары қатысты.

    Ерекше назар жастардың тәуелділіктің қауіптері туралы хабардарлығын арттыруға, психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары