
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар қанатының мүшелері Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А.-ның қатысуымен ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкені абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараға жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлерді қоса алғанда, 200-ден астам белсенді жас қатысты.
Сенбілік барысында 250-ге жуық көшет отырғызылып, қала аумағын көгалдандыруға және қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға үлес қосылды.









