
2026 жылы 14 қыркүйекте жеке сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында заңнамадағы жаңашылдықтар, оларды іс жүзінде қолдану тәртібі және атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, алимент санатындағы атқарушылық істер бойынша енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылып, алимент сомаларын арнайы банктік шоттарға аудару тәртібі, өндіріп алушыларға қойылатын талаптар және сот орындаушыларының аталған бағыттағы міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін жолданатын ұсыныстар бойынша және жоспарлы тексерулер нәтижесі талқыланып, заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұсынымдар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, енгізілген өзгерістерді атқарушылық іс жүргізу барысында дұрыс әрі уақтылы қолдану және алимент санатындағы істер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.









