
Шығыс Қазақстан облысында бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті бақылауға көмектесуде
Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камералары Өскемен қаласында қоғамдық тәртіпті бұзудың екі фактісін анықтады.
Қазақстан көшесінде 20 және 21 жастағы екі қала тұрғыны қоғамдық орында құйылмалы сыра ішкен.
Тағы бір құқық бұзушылық Геологическая көшесінде тіркелді. 39 жастағы ер адам темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды жедел анықтап, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішу фактісіне қатысты 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Ал 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей қолданылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









