ШҚО полицейлері көші-қон заңнамасының сақталуын тексеруде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО полицейлері көші-қон заңнамасының сақталуын тексеруде

    ШҚО полицейлері көші-қон заңнамасының сақталуын тексеруде

    5 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және өңір аумағындағы заңсыз көші-қон арналарына тосқауыл қою.

    Іс-шара барысында полицейлер алдында бірқатар міндет тұр. Атап айтқанда, транзиттік ағын тексеріліп, шетел азаматтары арасында жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар анықталады. Қажет болған жағдайда құжаттарын рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру және көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.

    Осыған байланысты тәртіп сақшылары құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен кафелерді, сондай-ақ шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарды тексереді.

    «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы 9 қазанға дейін жалғасады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары