ШҚО полициясы көліктерді заңсыз қайта жабдықтау фактілерінің жолын кесті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО полициясы көліктерді заңсыз қайта жабдықтау фактілерінің жолын кесті

    ШҚО полициясы көліктерді заңсыз қайта жабдықтау фактілерінің жолын кесті

    Облыс орталығын патрульдеу барысында полиция қызметкерлері тиісті уәкілетті органның рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқарудың үш фактісінің жолын кесті.

    Атап айтқанда, Шәкәрім даңғылында 23 жастағы Lexus GS 300 жүргізушісі тиісті рұқсатсыз Bi-LED жарықшамдарын орнатқан.

    Тағы екі факті Республика алаңында тіркелді. Мұнда полиция қызметкерлері Lada және ВАЗ маркалы автокөліктерді тоқтатқан. 19 және 20 жастағы жүргізушілер көлік құралының конструкциясына заңсыз өзгеріс енгізіп, біреуі төмендетілген пружиналар орнатқан, екіншісі биіктігін төмендеткен.

    Көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтап басқарғаны үшін жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

    Полиция көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу заңнамада белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертеді.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары