Өскеменде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолы кесілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Өскеменде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолы кесілді

    Өскеменде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолы кесілді

    «Таза Қазақстан» аясында Өскемен қаласында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолы кесілді.

    Виноградов көшесіндегі үйдің ауласында кешкі уақытта үш қыз алкогольдік ішімдіктер ішкен. Құқық бұзушылық бейнебақылау камерасына түсіп, кейін полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтады. Олар 20, 20 және 21 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

    Тағы бір жағдай 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйдің ауласында тіркелді. 19 жастағы екі жас жігіт темекі шеккеннен кейін темекі тұқылдарын жерге тастап, ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған.

    Екі жағдайда да құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

    Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары