САЛЫҚТЫҚ ҚҰПИЯ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

    САЛЫҚТЫҚ ҚҰПИЯ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

    📌 Салық кодексінің 45-бабына сәйкес, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, салық органына белгілі болған салық төлеуші (салық агенті) туралы кез келген мәлімет салықтық құпия болып табылады. 🔎 Сонымен қатар заңнамада салықтық құпияға жатпайтын мәліметтердің тізбесі белгіленген. 🏢 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ Салықтық құпия болып табылмайтын мәліметтерге, атап айтқанда: 💰 төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ есептелген салықтардың сомасы; 💳 бюджеттен қосылған құн салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару мөлшері; 📊 салық берешегінің сомасы; 📝 тіркеу мәліметтері — сәйкестендіру нөмірі, басшының Т.А.Ә., атауы, салықтық есепке қою және есептен шығару күндері, қызмет түрі, резиденттігі және басқа да мәліметтер; 👥 салық есептілігінде көрсетілген жалдамалы жұмыскерлер саны; 📈 салық жүктемесінің коэффициенті; ⚖️ салық заңнамасын бұзғаны үшін қолданылған жауапкершілік шаралары; 🎯 салықтық жеңілдіктер; 🌐 Салық кодексінде көзделген жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын мәліметтер жатады. 👤 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ Жеке тұлғалар бойынша салықтық құпия болып табылмайтын мәліметтер: 💰 салық берешегінің сомасы; 📝 Т.А.Ә. және сәйкестендіру нөмірі; 📅 салық төлеушілер базасына енгізілген күні, сондай-ақ одан шығарылған күні мен негізі; 🌍 резиденттігі туралы мәліметтер; ⚖️ салық заңнамасын бұзғаны үшін қолданылған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер; 🎯 салықтық жеңілдіктер туралы мәліметтер; 🌐 заңнамада көзделген жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын мәліметтер. 🔒 САЛЫҚТЫҚ ҚҰПИЯ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ? Салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтер қамтылған құжаттарды салық төлеушінің келісімінсіз салық органы басқа тұлғаларға беруге құқылы емес, бұған заңнамада тікелей көзделген жағдайлар қосылмайды. 📌 Атап айтқанда, заңнамада салық төлеушінің келісімінсіз мұндай мәліметтерді құқық қорғау органдарына, соттарға, сот орындаушыларына, уәкілетті мемлекеттік органдарға және өз құзыреті шегінде басқа да тұлғаларға берудің жағдайлары көзделген. ⚠️ МАҢЫЗДЫ! Салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын тұлғалардың өз міндеттерін орындау кезеңінде де, олар аяқталғаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. Құжаттардың жоғалуын немесе осындай мәліметтердің жария етілуін қоса алғанда, салықтық құпияны сақтау талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. 📌 Осылайша, салықтық құпия Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес ашық ақпаратқа жатпайтын салық төлеуші туралы мәліметтерді қорғайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары