🔹«Кәсіподақ қасында – кәсіподақтық диалог»

    🔹«Кәсіподақ қасында – кәсіподақтық диалог»

    Бүгін «Кәсіподақ қасында – кәсіподақтық диалог» бағыты аясында Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының еңбек ұжымымен кездесу өтті.

    Кездесуге «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Ибрагимбек Науханов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Нурлан Сейниханов, Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Гүлайна Кереева және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айман Жұманиязова қатысты.

    Жиын барысында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 5% мөлшеріндегі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, еңбек жағдайларын сақтау және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

    Мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыскерлерге еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме беріп, қойылған сауалдарға жауап берді.
    Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты талаптар хат жүзінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары