
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті мұнаралы крандарды эксплуатациялайтын ұйымдардың өкілдерімен арнайы жұмыс кездесуін өткізді. Шара барысында аталған жүк көтеру техникасын қолдану кезінде орын алатын апаттардың негізгі себептері жан-жақты талдана отырып, оларды монтаждау, уақтылы техникалық куәландырудан өткізу, ағымдағы жай-күйін тұрақты бақылау және кәсіпорындарда өндірістік бақылауды тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, қауіпсіздік аспаптары мен арнайы құрылғылардың, сондай-ақ жүк қармау тетіктерінің үнемі техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз ету жүктелді. Бұдан бөлек, мұнаралы крандардың жұмыс істемейтін мезгілде қауіпсіз тұрақтауын ұйымдастыруға және оларды қуат көзінен ажыратудың бекітілген тәртібін сақтауға ерекше назар аударылды. Осы процестерге тікелей тартылған мамандар мен персонал арасында кешенді профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар берілді.









