АЭС құрылысы кезіндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы

    1 / 4

    Астана қаласында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Д. Алиакпаровтың басшылығымен атом электр станциясын (АЭС) салу жобасын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Аталған жиынға барлық мүдделі бақылау-қадағалау құрылымдары, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында қатысушылар бейінді ведомстволардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру және реттеуші органдардың қызметін үйлестірудің бірыңғай тетігін қалыптастыру жайын жан-жақты талқылады. Бұл ретте осындай ауқымды стратегиялық бастаманы жүзеге асыру үшін уәкілетті құрылымдардың құзыреттерін нақты айқындап, олардың іс-әрекеттерін жүйелеу айрықша маңызға ие екені атап өтілді.Сонымен қатар күн тәртібінде ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтау мәселесіне баса назар аударылды. Осыған орай, тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты орнату станцияның құрылыс кезеңінде де, оны кейіннен пайдалану барысында да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарты ретінде айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары