Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
«ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП»
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған байқау қорытындысында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-сі «Үздік кітап оқитын мектеп» номинациясының арнайы жүлдесіне ие болды.
Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулып, оқушылардың қатысуымен ауқымды іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін мектеп ұжымына көпфункциялы принтер табысталды.
Мектеп ұжымын айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Оқырман ұрпақ тәрбиелеудегі игі бастамаларыңыз жалғасын тауып, табыстарыңыз арта берсін! 
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








