
Полиция қызметкерлерімен “Түнгі қала” профилактикалық іс-шарасы кезінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасында көлікте қатты дауыспен музыка қосып, түнгі тыныштықты бұзған азаматтың тікелей эфирін анықтады.
Полиция қызметкерлерімен бірден жүргізуші анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Тексеру барысында автокөліктің заңсыз қайта жабдықталғаны, атап айтқанда, сабвуфер орнатылғаны анықталды.
Аталған азамат түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және көлік құралын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралы арнайы айыптұраққа орналастырылды.
Полиция ескертеді: кез келген құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.









