
Жарысқа облыстың өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберлік пен шапшаңдықтарын сынады.
Сайыс барысында қатысушылар шабуыл сатысымен төртінші қабатқа көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру бойынша бақ сынасты. Жаттығулар қызметкерлердің жылдамдығын, ептілігін және төтенше жағдай кезіндегі кәсіби дайындығын шыңдауға бағытталған.
Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
2-орын – №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
3-орын – №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.
Жарыс өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттырып, командалық үйлесімділік пен шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сайыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар анықталды.








