
Ауыл тұрғындарымен нашақорлықтың алдын алу және оның зияны туралы түсіндіру мақсатында жиын өткізілді. Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері айтылды.
Қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, жастарға қолдау көрсетіп, олардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасаудың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ күмәнді жағдайларға бейжай қарамай, тиісті мамандарға хабарлау қажеттігі сөз болды.
Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Нашақорлықтың алдын алу — баршамызға ортақ міндет.








