Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Адалдық, әділдік және заңдылық қағидаттарын сақтау арқылы біз қоғамның тұрақты дамуына үлес қосамыз.
Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, парақорлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланудың кез келген көрінісіне төзбеушілік танытуы қажет.
Адалдық – қоғамның басты құндылығы! Жемқорлықсыз қоғам құру – баршамыздың міндетіміз!








