«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қоңыр ауылдық округі әкімдігі аппаратының қызметкерлері тұрғындар арасында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға аумақты таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және елді мекенді абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, талаптардың орындалуына бақылау жүргізілді. Анықталған құқық бұзушылық бойынша инспектор әкімшілік хаттама толтырып, заңнамаға сәйкес айыппұл салды.
Қоңыр ауылдық округінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








