Семинар өткізілді

    Семинар өткізілді

    2026 жылғы 25 қыркүйекте «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Б.З. Кудесова және бөлімнің бас маманы А.Э. Досмухамбетова нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әкімдер аппараттарының мамандарына арналған семинар өткізді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде қолданылу тәртібі түсіндірілді.

    Қатысушыларға нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың өзекті мәселелері, заңнама талаптарын сақтау, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірулер берілді.

    Іс-шара барысында мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама нормаларын практикада дұрыс әрі біркелкі қолдануға және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Мұндай семинарларды өткізу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінің
    баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары