ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСУДА
    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері белсенді қатысты.
    Полицейлер әкімшілік ғимараттар мен қызметтік нысандардың аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда аумақтар қоқыстан тазартылып, санитарлық жұмыстар атқарылды, жасыл желектерге күтім жасалып, айналаны көркейтуге көңіл бөлінді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ортақ іске жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
    «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, ұжымдық бірлік пен жауапкершілікті арттыруға да ықпал етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары