
Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданына қарасты «Нұрбала Әлем» бөбекжай балабақшасы» ЖМ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қамтамасыз етілуі және еңбек саласы қатынастарын реттейтін талаптардың орындалуы зерделенді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.









