КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Қабылдауда коммуналдық тұрғын үй кезегеі, ауыз су, жер қатынастарына байланысты мәселелер және өзге де жеке сипаттағы өтініш-тілектерін жеткізді.
    Аудан басшысы әрбір азаматтың айтылған мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, айтылған өтініштер бойынша жауапты бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
    Қабылдауда көтерілген мәселелер аудан әкімдігінің тұрақты бақылауына алынып, заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары